Прокурорлар заңдастырылмаған жерлердің құжатын рәсімдеп алуды ескертеді

339

Тұрғындар заңдастырылмаған жылжымайтын мүліктерін құжаттандыруы керек. Мамандардың мәлімдеуінше, қала аумағында жер телімдерін ешбір құжатсыз пайдаланып отырғандар бар.

Жерлерді өз бетінше басып алу деректерінің басым бөлігі қаланың Құрсай, Жаңаталап, Игілік, Ынтымақ, Самал-3, Қызылжар, Көксай-2, Көксай-3, Қарабастау, Қаратөбе, Сайрам, Бозарық, Қайнар бұлақ, Таскен, Бадам тұрғын алаптарына тиесілі.

Осы мәселелерді шешу мақсатында 2019 жылы қалалық әкімдікпен прокуратура өкілдері өз бетінше иеленген жерлерді заңдастыру бойынша шаралар қолданды.
Нәтижесінде1806 өз бетінше басып алынған учаскенің 1048-не жерге құжаттандырылып, 427 жер учаскесіне жер табыстау туралы қаулылар шығарылды.
Яғни жоғарыда көрсетілген аумақ тұрғындарының көп жылдан келе жатқан мәселелері шешіліп, меншік құқығын жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері пайда болды.

Өз кезегінде жер учаскелерін құжаттандыру жұмыстары бір реттік шара болып табылатынын және жер учаскелерін өз бетінше иеленудің жаңа деректері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар тиісті жауапкершілік қолдана отырып, заңсыз құрылысты бұзуға шара қолданатынын хабарлаймыз.