«Сәуле» шағынауданындағы үйлер сүріле ме?

252

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұловтың бастамасымен «Сәуле» шағынауданы жаңа құрылыс аумағындағы заңсыз салынған жеке тұрғын үйлердің иелеріне құжаттарын рәсімдеу бойынша Шымкент қаласы жер қатынастары басқармасымен бірлесіп түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған мәселе бүгінде «Сәуле» шағынауданы тұрғындарының басты мәселелерінің біріне айналған.Осыған орай, аудан әкімі өз еркімен құрылыс салынған ауылшаруашылығы мақсатта берілген жерлердің құжаттарымен танысып, аудан әкімі аппараты тарапынан қолдау көрсетілетін жеткізіп, алдағы уақытта заңсыз салынған жағдайда заң аясында сүрілуге жататынын жеткізіп, жиналған халықты сабырлыққа шақырды.