фото Informburo.kz

Әлеуметтік төлемдер

Жеке кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермерлік қожалықтары арнаулы салық режимін қолданушыларға:

өз үшін:
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әулеметті медициналық сақтандыру қорына жарнасы 5 % құрайды, яғни 1,4 *42500 (ЖТМ) =59500*5%= 2975 теңгені қорға төлейді.

МЗЖ ай сайынғы кіріс көзінен 10 % құрайды, ай сайынғы кірістің ең төмен мөлшері 1 ЖТМ ал ең көп мөлшері – 50 ЖТМ құрайды.

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер 2020 жылға 911.00 СЕН табыс еткен кезде МӘМС жарнасын төлеуге міндетті.
жұмысшылары үшін:
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтаңдыру қорына салық салу объектісінің 2 % құрайды.

Салық төлеуден үш жылға босату

Мемлекет Басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдау «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» және жалпыұллтық іс-шара жоспарының 34 бабын орындау мақсатында Салық кодексінен бір қатар өзгерістер, яғни арнауылы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін үш жылға кірістерінің салықтардан босату еңгізілген (КТС/ЖТС, оңайлатынлан декларация негізіндегілерге-әлеуметтік салықтаң, бірыңғай жер салығынан).

Бұл ретте, аталған заң нормаларын қоладуға бір қатар қызмет түрлеріне шектеулер қойылған, яғни құзет қызметі, мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерімен бензин, отыны, мазут бөлшек сауда жасайтыңдарға, жер қойнауын пайдаланушыларға, көмір, мұнай сатушыларға, сыртқы экомикаға қатысушыларға т.б.

Көзделген шаралар шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді.