Сарығаштағы «байланған бала» ауруханаға жатқызылды

241
фото today.kz

Құрманғазы Мүсір Сарыағаштағы байланған балаға қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялады.

«Сарыағаш ауданындағы 2 жасар байланған баланың жағдайын біліп шықтым.
Бала Келес аудандық ауруханасында Мальабсорция диагнозымен жатыр.
Әкесі баланың түні бойы температурасы 39,5 °көтерілгенін айтты.

Келес аудандық ауруханасының балалар бөлімінің меңгерушісінің айтуынша, Шымкент қаласындағы облыстық балалар ауруханасында толық медициналық тексеруден өткеннен кейін, балаға Мальабсорция диагнозы қойылған, баланың бауыры, асқазанының қызметі нашарлаған. Дәрігерлер барын салып, баланы емдеуде.

Мен Сарыағаш аудандық прокуратурасына бара жатырмын. Осы іске қатысты қылмыстық істен мені шеттетуге барын салып жатқан «кейбіреулердің» шағымын қарауға барамын.

P.S: Көрейік, олар мұны жүзеге асыра алды ма? Мен аяғына дейін күресемін» делінген жазбада

Естеріңізге сала кетейік, байланған баланың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде жарияланған болатын.

8.01.2020 жылы жергілікті тұрғын Сарыағаш АІІБ-на бұрынғы зайыбы 2017 жылы туған баласына қысым көрсетіп жатыр деген арызбен жүгінген. Полиция бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау» бойынша тіркеді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал әйелдің бұрынғы азаматтық күйеуі ұзақ уақыт бойы төлемеген алимент есебінен туындағаны анықталды. Олар 2014 жылдан 2018 жылға дейін азаматтық некеде болған. Екеуінің некесінен екі ортақ баласы бар.