Былтыр 946 шымкенттік жүргізуші куәлігінен айырылған. Бұл көрсеткіш биыл жаңа заң жүйесіндегі өзгерістерге сәйкес, едәуір кемуі мүмкін. Маңызды ақпаратты Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы мәлімдеді.
Әбдімүтәліп Бекұрғановтың айтуынша, 12 айдың ішінде 10 260 әкімшілік іс өндіріске түсіп, 9 721 әкімшілік іс қаралған. Құжаты жоқ шетел азаматтарының 478 әкімшілік істері де осы сотқа түсіп, оларға Қазақстан аумағынан шығару және жеке мүлкін тәркілеу туралы қаулы қабылданыпты.
«Түнгі сот» жобасы аясында 1000-нан астам іс қаралып, барлығына әкімшілік айыппұл салыныпты. Айыппұл соммасы — 50 миллион теңгеден асқан.
Мөлдір Бекеева