Шымкентте сотқа жолданған қылмыстық істердің саны анағұрлым азайған. 2019 жылы аса ауыр қылмыс жасаған 47 тұлға бас бостандығынан айырылыпты. Бұл жөнінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы мәлімдеді.

Әбсаттар Шахиддиновтың айтуынша, сотта қасақана адам өлтіру бойынша 37 тұлғаға қатысты 27 іс қаралған. Ал зорлау қылмысы бойынша сотқа 14 іс түсіп, 15 тұлғаға қатысты сот процесі жүрген.

9 іс сыбайлас жемқорлық бабымен сараланып, 44 тұлға күдіктілер қатарынан табылған. Айта кетейік, 2019 жыл 99 адамға қатысты 45 іске үкім шығарумен аяқталыпты.

Мөлдір Бекеева