Шымкентте «Жол бер, өмір сақта» акциясы ұйымдастырылды

234

«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қалалық полиция департаменті және денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Жол бер, өмір сақта» акциясын ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты жүргізушілерді адалдыққа және жауапкершілікке шақыру, оларға адам өмірін сақтауда жедел-жәрдем автокөлігіне әр секунд маңызды екенін түсіндіру, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жол жүру мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Шұғыл шақыруларға асығатын дәрігерлер, өрт сөндірушілер командалары мен полиция нарядтары өздерінің басым жол жүру құқығын әрқашан жүзеге асыра алмайды.
Жедел жәрдем көлігі қаланың басты көшелерімен дыбыстық және жарық сигналдарымен, полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жүріп өтті.
Көк және (немесе) қызыл түсті жарық және арнайы дыбыс сигналы қосылған көлік құралдары жақындаған кезде жүргізушілер осы және олар алып жүретін басқа көлік құралдарының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жол береді.

«Осындай іс-шаралар азаматтардың санасына әсер етеді, олар қажетті уақытта жол беріп, басқа жүргізушілерге жолда парасаттылық пен өзара сыйластық көрсетеді» — деді «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев.
Аталған шараның нәтижесі де жоқ емес. Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлерінің айтуынша жедел жәрдем көлігіне жол беру бұрынғыдан жақсарған.

Акцияны ұйымдастырушылар тарапынан жол жүру ережесін бұзып, жедел-жәрдем автокөлігіне жол бермеген 3 автокөлік иелеріне әкімшілік хаттама толтырылып, әрбір тоқтатылған жүргізушіге заңнама талаптарын міндетті түрде сақтау қажеттігі түсіндірілді.