Қайғылы оқиға 17 – қаңтарда таңертеңгісін Ворошиловка шағынауданындағы Тойшы ата көшесіндегі үйлердің бірінде орын алған. Жедел жәрдем дәрігері 1983 жылғы әйелдің көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болған болуы мүмкін екендігін айтып, хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен жедел топ тұрмыстық газ құрылғыларын орнатуда өрескел қателік жіберілгендігін анықтады. Түтін тартатын құбыр-гофра су жылытқыштан ажыратылып, қабырғаға 20 см ауытқушылықпен қабырғадан шығарылған. Ас үйде душ кабинасы орнатылған, желдеткіш түтік жоқ. Тексеру кезінде терезелер жабық болған.