Өткен жылы сыбайлас жемқорлық фактісі туралы дерек берген 14 адамға жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асатын сыйақы тағайындалған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали брифингте мәлімдеді.

1424 кол орталық номеріне хабарласып дерек берсеңіз, іс толық тексеріліп қылмыстың болғаны расталса, 30 бен 100 айлық-есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы тағайындалады. Ал өткен жылы 58 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Асхат Жұмағали, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы: «39 адам әртүрлі жазаға сотталған. Жоғарыда көрстеілген тұлғалардың 10-ы әртүрлі мемлекеттік органдарда әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарған. Олардың 1-республикалық, 6-қалалық, 3-аудандық деңгейдегі басшылар».

Меруерт Ахан