Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов америкалық режиссерге үндеу жасады. Әкім сөзінше жарыққа шыққан «Призрачная шестерка» филіміндегі Тургистан мемлекеті Түркістанға ұқсас. «Осылайша ойдан шығарылған ел жайындағы кинокартина миллиондаған көрерменнің Түркістан жайлы пікірін өзгертеді» дейді Аюпов.

«Түркістан қаласының әкімі ретінде мен сізді облыс орталығына шақырғым келеді. Біздегі 17 ғасырдан бері сақталған тарихи мұралар мен сәулетті ғимараттарымен танысу үшін. Негізінде мұнда қызықты жерлер мен аңызға айналған орындар әлдеқайда көп. Оларды сіз кез-келген шығармаңызда қолдана аласыз».

Бұған дейін «Призрачная шестерка» филімі үшін Түркменстанда бүтіндей бір антиамерикалық компания құрылғаны белгілі болған еді. Енді ол жақта АҚШ-ты «Түркменстан мемлекетінің жауы» деп атайды.

Назерке Үкібасова