Түркістан облысында 30 106 адам тіркеуден шығарылған

Түркістан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы  өткен жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Халықты жеке куәлік, төлқұжатпен құжаттандыру және тіркеу жұмыстарының нәтижелері:

Өткен кезеңде өңірде жалпы 167 мың 859 азаматқа жеке куәлік және төлқұжат алуға 1-нысанды арыздар рәсімделген. Оның ішінде  64 мың 482 төлқұжат пен 115 мың 490 жеке куәлік дайындалды.

Былтыр жалпы — 478 мың 687 тұлға тұрақты және 27 096 уақытша тіркелген. 30106 адам тіркеуден шығарылыпты. Төлқұжат немесе тіркеу ережелерін бұзған 1884 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде  1471 тұлғаға 13 млн 150-ден астам теңгеге айыппұл салынды.

Нұрбол Ташкенбаев, Түркістан облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы

Түркістан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Нұрбол Ташкенбаев Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау жұмыстары жайлы да мәлімет берді: «2019 жылы облыс  бойынша 1122 шетелдіктер мен АЖТ тұрақты тіркелген. Облыстың ішкі істер органдарына ҚР азаматтығына қабылдау туралы 1485 адам арызданды. 1344 тұлғаның 298-конвенциямен, 1037-оралмандар, мемлекетаралық келісім бойынша — 9-ы департамент тарапынан жеңілдетілген тәртіппен және 28 адам ҚР Президентінің Жарлығымен қабылданды. 489 тұлғаның азаматтыққа  қатыстылығын анықтау бойынша өтініштері қаралып, қанағаттандырылды».

Шынар Оразова