фото almaty.tv

Әлеуметтік желіде бөлме ішінде байланған баланың көрінісі бейнеленген бейнежазба жариялануда.

Бұл жайт 08.01.2019 жылы Сарыағаш АПБ-не сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Арызда жергілікті тұрғын бұрынғы азаматтық некедегі әйелі 2017 жылы туылған ұлына қысым көрсетуде деп шағымданған.

Сондай-ақ, Сарыағаш АПБ қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 140-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша іс қозғалған. Тергеп-тексеру барысында оқиғаның толық мән-жайы мен кінәлі тарап анықталатын болады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.