Түркістан: «Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспаналы болды

601

Асылжан Ниязов — Түркістан облысы Кентау қаласында тұратын көпбалалы əке. Ол «Түркістан облыстық мемлекеттік сақтандыру қорында» қызмет етеді. Бүгінде ол жұбайымен бірге төрт баланы тәрбиелеп отыр.

Отағасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы Кентау қаласынан үш бөлмелі пәтер сатып алып, жаңа қоныс қоныс иесі атанып отыр. Көпбалалы отбасы өз баспанасын 10 млн теңгеге сатып алған. Енді несие бойынша ай сайынғы төлем 53 мың теңгені құрайды.

Отағасы Асылжан Ниязовтың айтуынша, баспана кілтін 2019 жылы 30 желтоқсанда алған.

«Біз көпбалалы отбасы ретінде тұрғын үй кезегіне тіркелдік. Өз баспанамыз болмағандықтан, ата-анамызбен бірге тұрдық. «Бақытты отбасы» бағдарламасының арқасында Кентау қаласының орталығынан үш бөлмелі пәтерге қол жеткіздік. Қоныс тойымызды да атап өттік. Бұл біз үшін айтып жеткізе алмайтын үлкен қуаныш. Осы бағдарлама болмағанда, өздігімізден тұрғын үй мәселесін шеше алмас едік. Өйткені, спорт мектебінде жұмыс істейтін жолдасым бала күтімінде. Ал менің табысым отбасын асырауға ғана жететін, — дейді.