Түркістанда қыркүйек айында «Ұлы дала елі» орталығы іске қосылады

481

Алып құрылыс алаңына айналған облыс орталығында еліміздегі ірі құрылыс компаниялары киелі шаһарды түлету жолында күндіз-түні тер төгуде. Соның бірі — «BI Construction turkestan» компаниясы. Мердігер мекеме 2019 жылдың сәуір айынан бастап «Ұлы дала елі» орталығының құрылысын жүргізуде.

Нысан Атырау облысы әкімдігінің сыйы — 2020 жылдың қыркүйек айында тапсырылады.

Жоба жетекшісінің орынбасары Бахтияр Байкеновтың айтуынша, 0,8 га жерде бой көтеріп жатқан орталықтың аумағы 6200 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр.