Түркістанда ерекше наурыз мерекесі тойланады

164

Түркістан облысы әкімдігінде биыл халқымыздың ұлттық мерекесі Әз-Наурызды ерекше етіп тойлау жоспарлануда. Осы мақсатта, Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында «Әз-Наурыз» атты мәдени-спорттық іс шарасын өткізу барысы талқыланды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысқан жиында үстіміздегі жылы алғаш рет Түркістан қаласында Наурыз мейрамын атап өту бағдарламасына ұлттық спорт түрлерін, атап айтқанда, көкпар, тоғызқұмалақ, жамбы ату, қыз қуу, конкур, аударыспақ секілді ұлтымыздың ұлттық табиғатын насихаттайтын спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылып, тойланады. Сайысқа өңіріміздің барлық аудандары мен ауыл, елдімекен тұрғындары қатысады.

Қасиетті Түркістанда Әз-Наурыз мерекесін атап өту жиындарына жергілікті халық арасында ұлттық спортымызды ұлықтау да басты жоспарда бар. Түркістан облысының дене шынықтыру басқармасы мамандарына мерекелік спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу тапсырылды.