Таскендіктер жыл соңына дейін сапалы жарықпен қамтылмақ

105

«Таскен» елді – мекені мемлекет жарығымен 2020 жылдың соңына дейін қамтамасыз етіледі. Тұрғындармен кездесуге келмеген әкімдік қызметкерлері телеарнамызға келіп осылай сұқбат берді.

Сөздеріне сүйенсек, қаржылық қиындықтарға байланысты берілген уәде орындалмаған. Осылай деген Қаратау ауданының әкімдік мамандары қоғамдық көлік мәселесін де жүйеге келтіреміз деп сөз берді. Ол үшін енді мінбедегілер халықпен кездесіп, ақылдасуды жөн көріп отыр.

Бауыржан Қалдыбаев, Қаратау ауданы әкімдігінің халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы: «Біз ертең жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірге халықпен кездесуге барамыз. Онда қоғамдық көліктің жетіспеушілігі мен жол мәселесі талқыланбақ. Жауаптылар өз жоспарымен бөліседі, халық өз пікірін білдіреді. Осылайша біз ортақ мәселені біріге отырып шешуді жөн көріп отырмыз».

Назерке Үкібасова