Жәрдемақы алуға септігін тигізді

141

2018 жылдан бастап Шымкент қаласы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында құқықтық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жүзеге асырылуда. Осы мерзім ішінде, орталыққа 6362 азамат келіп, оның 3000 астамын прокурорлар жеке қабылдады.

Қорғаушылардың ақысыз қызметтерін 1200 астам адам пайдаланса, медиаторлар 900 астам азаматқа кеңес беріп, 25 медиативтік келісім жасалған, әкімдік қызметкерлерімен 700 астам, ал әділет департаменті қызметкерлерімен 562 адам қабылдаған.
Орталық қызметінің тиімділігін — қала тұрғандарының прокуратура басшылығына арналған алғыс хаттары мен пікірлері дәлелдейді.

Мысалы, Ә.Атабаевтардың 4 баласына қорғаншылық рәсімделіп, оларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан үйіне қайтаруға, өндірістік жарақат алған М.Айткуловқа 3, Б.Қожамқұловқа 2 топтағы мүгедектік тағайындалып, жәрдемақы алуға, 2 жыл бойына өзіне тиісті емдік – сауықтыру алмаған 2 топтағы мүгедек А.Тоқбергеновке «Сарыағаш» шипажайына жолдама алуға ықпал жасалды.
Сонымен бірге, Орталықта Әділет Департаменті мен жеке сот орындаушылардың қатысуымен алимент өндіру мәселелеріне қатысты «Ашық есіктер күні» акциясы тоқсан сайын өткізіліп, өткен мерзім ішінде акцияға 218 адам қатысқан.

Мағыналас шара кәсіпкерлері толғандырып жүрген мәселелер бойынша Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп түрлі акциялар, «Медиация –дауды шешудің тиімді жолы» атты қоғамдық қабылдаулар да ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар Орталықта әр аптаның сейсенбі күндері бекітілген кесте бойынша аудан прокурорлары, аудан әкімінің және аудандық ІІБ-сы басшыларының қатысуымен жеке қабылдаулар ұйымдастырылуда.

Қала тұрғындары үшін тағы бір жағымды жаңалық ол, 2020 жылдан бастап әр айдың соңғы аптасының бейсенбі күні қала прокурорының және қалалық ІІД-нің, Әділет, Мемлекеттік кірістер Департаменті басшыларының жеке қабылдаулары өтетін болады.
Орталықтың негізгі қызметі- түйіні тарқамаған күрделі мәселелерді анықтау мақсатында азаматтарды кедергісіз қабылдап, оларға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, адам құқығының жедел түрде қорғалуын қамтамасыз ету.