Жыл басынан жаңа форматта тағайындалған мемлекеттік жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек алуға ниетті көпбалалы және аз қамтылған отбасылары құжаттарын тапсыруда.
Көпбалалы аналарға үкімет тарапынан берілетін жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмекке құжаттарды қабылдау міндеті жүктелген Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мамандарына көмекке 40 -қа жуық еріктілер келген.
Сүндет Сейітов, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз хатшысы: «Жылдың басынан адам көп болып жатыр. 6 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетілді. 1383 өтініш қабылданды. 4 мыңға жуық азаматқа кеңес берілді. Егерде алдын азаматтарды алфавит бойынша қабылдасақ, енді азаматтардың өтініштері бойынша орталыққа келгендердің құжаттары қаралуда».
Шынар Оразова