Былтыр  Түркістан облысындағы елді мекендерді ауызсумен қамту мақсатында 103 нысанның құрылысына 17,9 млрд. теңге  бағытталған екен.

Су құбыры мүлдем жоқ 43 елді — мекенге жаңа ауызсу құбыры тартылып, 12 ауылда  тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаңартылды. Суды құдықтан  тартқан Созақ ауданындағы  бес ауылға және Шардара ауданындағы бес елді-мекенге  орталықтандырылған құбырмен таза ауыз су келді.

Нәтижесінде, таза ауыз сумен қамту деңгейі 80,3 пайызды құраған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев халықпен кездесуі барысында биыл ауызсумен қамтамасыз ету  мақсатында  — 45 нысанның құрылысына бюджеттен 15 млрд. теңге бөлінген, халықты сапалы ауыз сумен қамту жылдың соңына дейін 95 пайызға  жеткізу жоспарда деп нақтылады.

Шынар Оразова