Қаратау ауданы бойынша 612 тұрмысы төмен отбасы тіркелген. Олардың 20-сы «Азат» шағынауданында тұрады.

Осылай деген Қаратау ауданының әкімі көмекке мұқтаж жандармен кездесті. Демеушілер көмегімен көпбалалы аналарға тұрмыстық техникалар табысталып, мектеп оқушыларына киімдер үлестірілді.

Айта кетейік, аталмыш ауданнан 27 мың жанұя өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген. Биыл олардың саны 3000-ға бір-ақ қысқарыпты.


Абзал Әліқұлов, Қаратау ауданының әкімі: «Өйткені ол түсіндіру жұмыстарының арқасында. Және де жұмысқа тұруының арқасында. Барлық көмектер көпбалалы, шынымен қиналып жүрген отбасыларға жіберіледі деген мақсаттамыз. «Балық берме, қармақ бер» деген сөз ғой. Сондай жағдайға келіп жатырмыз. Бұл айдың өзінде 137 адамды жұмысқа тұрғыздық».

Назерке Үкібасова