Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен барлық қалалық қоғамдық көлік бағыттарының бекітілген графикке сәйкес уақытылы жүруіне және жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге күнделікті мониторинг жүргізілуде.

​Күнделікті мониторинг кешкі сағат 19:00 ден 21:00 аралығында өткізілуде.
​Мониторинг жүргізу тобына Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының барлық қызметкерлері, Абай, Әл-Фараби, Қаратау және Еңбекші аудандарының әкімшілік қызметкерлері, «Диспетчерлік қызмет орталығы» ЖШС, «Оңтүстіктранс Құлагер» және «Южавтотранс» қауымдастықтары және қоғамдық көлік бағыттарының тасымалдаушы мекемелерінің басшылары бірлесе қатысуда.

​Мониторинг қалалық барлық 78 қоғамдық көлік бағыттарын қамтып, жалпы 25 аялдамаларда жүргізілуде:
​1. 18 мкр. (Сайрам көшесі бағытында);
​2. Гипер хаус;
​3. Әкімшілік іскерлік орталық;
​4. Самал базары;
​5. Көмешбұлақ (Республика даңғылы):
​6. Гүлсана (11 мкр);
​7. Әскери дүкен (Военторг);
​8. Темір жол вокзалы;
​9. Бекжан базары;
​10. ОӘК (Военкомат);
​11. City қонақүйі (Гүлжан аялдамасына қарама-қарсы);
​12. Баян сұлу супермаркеті (А.Байтұрсынов көшесі);
​13. Жаңа шахар (Аэровокзал);
​14. Береке сауда үйі (Тәуке хан даңғылы);
​15. № 34 мектеп (Чапаев тұрғын алабы, Қамысты көшесі);
​16. № 84 мектеп (Забадам тұрғын алабы);
​17. Сәуле шағын ауданы;
​18. Қарабастау шығын ауданы;
​19. Қазығұрт шағын ауданы;
​20. Достық шағын ауданы:
​21. Самал-3 шағын ауданы;
​22. Нұртас тұрғын алабы, Гүлдала көшесі;
​23. Тұран шағын алабы;
​24. Бозарық тұрғын алабы;
​25. Қайнарбұлақ саяжайы.

Мониторинг ақпан айының соңына дейін жалғасатын болады.