Негативке уақыт қалдырмаңыз! Уайымға салынбаңыз, күйеуіңіз басқа қыздарға үйленбей, кезінде сізді таңдады емес пе? Жылай бермей, өзіңізді өзіңіз қолға алып, күйеуіңізге жақсы жағыңызбен көрінуге тырысыңыз.
Жағымды ой адам тәнінің саулығына ықпал етеді, жан жарасын ұмыттырады. Адам өз денсаулығына өзі жауапты. Адам тәнінің сырқаты психологиялық себептерге байланысты, мысалы өзін кінәлі сезіну, реніш, ашу-ыза. Ұзақ уақыт реніш сақтау, өзін кінәлі сезіну – өзіне жаза іздетіп ауыртады, ағзада ісік тудырады.
Өмірді өзгерту үшін – тән, рух пен ақыл-парасат бірлестіру керек. Тәнді күту үшін ішкі ағзаларды тазалайтын, көкөністегі дәрумендерді қолданып дұрыс тамақтану маңызды. Массаж алу, денені шынықтырып спортпен достасу керек. Руханилық құралдар: кешірім сұрау, махаббат сыйлау, алғыс айту, кешіру.
Ақыл-парасатқа аффирмацияларды (мәнді сөздерді қайталау) айту. Медитацияны – тәндік, эмоциялық, менталдық сауықтыру деуге болады. Медитация ойды дамытады. «Жақсы сөз – жарым ырыс», яғни жақсы сөздерді, дыбыстарды ойша немесе ақырын қайталау арқылы ойды тазарту. Мысалы, мынадай жанға шипа беретін аффирмациялар бар, жаныңызға жақын тартқанын қолданыңыз:
Мен Әлемге махаббатпен және қуанышпен қараймын.
Мен бәріне махаббатпен және мейіріммен қараймын.
Мен жүрегімді ашып, махаббатқа толтырамын.
Мен батылмын, қандай жағдай болса да, мен оған махаббатпен жетемін.
Өткеннен қуанышпен арыламын.
Өмір керемет, мен де кереметпін.
Мен өзімді жақсы көремін және қолдаймын.
Мен өзімді сүйіспеншілікпен қабылдаймын.
Мен өмірді сүйемін.
Өмір неткен тамаша.
Менің жаным таза.
Менің бойымды қуаныш сезімі тербейді.
Мен сүйемін және сүйіктімін және т.б.
Әр қадамыңызды аңдып басып, әр ісіңізді жан-жақты ойланып жасасаңыз ешуақытта қателікке ұрынбайсыз. Хатыңыз арқылы, артыңыздан өсіп келе жатқан бойжеткендерге ой салғаныңызға рақмет айтамын. Қорыта келе, қазіргі жастар тәрбиесінде «Ұл ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге» деп, ұл мен қыздың тәрбиесіне көңіл бөлудің кезек күттірмейтін мәселе екені белгілі болды.
«Оңтүстік Рабат», №8, 19 ақпан 2020 ж