Әкім резеңке етік киіп, қаланы аралады

228

Түркістан қаласын аралау жұмыстары орталық «Азиз» базарымен аяқталды. Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде жауын-шашын зардабынан көлшік пайда болып, ары-бері өтуге тұрғындар тарапынан қолайсыздығы жазылған еді.

Осы мәселені назарына алған Р. Абатұлы бүгін арнайы барып, базар маңындағы қоқыстар мен қоқысқа, лайға, суға толған арықшаларды «Түркістан жарық-тазалық» мекемесі қызметкерлері үздіксіз тазалап тұруын қатаң ескертті.

Сонымен қатар, жер асты өткелі алдындағы ретсіз сауда орындарына аллея жасау жоспарланған болатын. Жауапты бөлім басшысына осы уақытқа дейін де еш іс басталмай, жұмыстардың тоқтап тұрғанын сынға алып, жұмысты жылдам жандандыруды тапсырды.

Су толған құдықтарды да көрген Рашид Аюпов «Түркістан-Су» мекемесі басшысына сол ретте тазалауды тапсырды. Аз уақыт өтпей мамандар құдық ішіндегі суды тартты. Дегенмен, мұндай құдықтар жаңбыр жауған уақытта толып, нәтижесінде байланыс торабы істен шығуы ықтимал. Сол себепті де жиі тексеріп, жіті қадағалап тұруы назарға алынды.