Өңірдегі төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған шаралар қаржыландырылды

103

Облыс мәслихатының депутаттары  кезектен тыс  46 сессияда  төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпті деген Түлкібас ауданындағы 6 нысан, Ордабасы ауданындағы 1, Келес ауданындағы 2, Шардара ауданындағы Сүткент ауылындағы Сырдария өзенінің бөгеттерін күрделі жөндеуге жалпы 436,5 млн. теңге бөлді.

Бұдан бөлек,  730 млн. теңге Түркістан магистралды каналының күрделі құрылысына бағытталды. Кентау қаласын дамытуға бөлінген 553. млн қаржыға қосымша 65 млн. теңге бөлінді.

Шынар Оразова