Жақында төрт бірдей оңтүстік өңір тұрғындары жарықсыз қалған болатын. Энергетика министрлігі себебін анықтап жатыр
«KEGOC» АҚ ұлттық операторы елдің оңтүстігіндегі елдімекендерге жарық берілгенін хабарлады.
Жақында Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары жарықсыз қалған болатын.
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, желіде «KEGOC» ұлттық операторының 500 кВ-ы сөндірілгендіктен, төрт облыстың тұрғындары жарықсыз қалған.
«Қазіргі уақытта шектеу алынды, электр энергиясын беру қалпына келтірілді. Абоненттерді қосып жатырмыз», — деді баспасөз қызметі.
Мамандар себебін анықтап жатыр.