Таңғы сағат 9-дан бастап Ордабасы ауданы, «Бадам» станциясы маңындағы 10/216 әскери бөліміндегі орын алған жағдай бүкіл күштер құрылымын аяғынан тік тұрғызды.
«Құқық қорғау органдары мен әскери полиция күштері әскери қызметші мен жоғалған қаруды іздеу және ұстау бойынша барлық қажетті жедел-іздестіру, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізуде», – делінген хабарламада.Әзірге белгілісі, әскери бөлімдегі қарудың жоғалғанына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бірақ, қарудың нақты саны туралы дерек жоқ. Қазір Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан шығар жолдың барлығы қатаң бақылауға алынып, күдікті көліктер мұқият тексеруден өткізіліп жатыр.