Түркістан облысының полицейлері «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 17 миллион теңге өндірді
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының аумағында 2020 жылдың 8-16 ақпан аралығында құқық бұзушылардан салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды арттыруға бағытталған «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізуге 700-ден астам полиция және басқа да мүдделі органдар, «Автоураган» кешені тартылып, бірнеше мобильді топтар құрылды.
Сонымен «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары құқық бұзушыларға қатысты 26 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салды, оның ішінде 17 миллион теңгеге жуығы өндірілді.
Сондай-ақ 8 күн ішінде «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында мамандандырылған тұрақтарға 131 көлік, оның ішінде 30-ға жуық шетелдік нөмірлері бар автокөліктер қойылды. Оған қоса Түркістан облысының полицейлері 3,5 мыңнан астам әкімшілік айыппұл төлеу қажеттігі туралы ұйғарым таратты.