Сайрам ауданында 23 елді — мекен көгілдір отынмен қамтылмаған. Халық санына шаққанда — 45 674 тұрғын. Бұл туралы аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің есептік жиынында мәлім болды.
Билік өкілдерінің айтуынша, 2018 жылы облыстық бюджеттен 2,1 млрд. теңгеге 12 елді мекенге газ құбыры жүргізілген. Өткен жылы аудандық бюджеттен 54,7 млн. теңгеге Шапырашты ауылына табиғи газ жүйесі жүргізіліпті, нысан 2020 жылға өтпелі.
Аудан басшысының сөзіне қарағанда, биылғы жылы мамыр айына Нұржақорған ауылында орналасқан №20 АГРС нысанын іске қосып, газ құбырлары жүргізілген 12 ауылды көгілдір отынмен қамту жоспарлануда. Нәтижесінде, елді мекендерді табиғи газбен қамту деңгейін 74 %-ға жеткіземіз дейді аудан әкімі.
Сонымен қатар, 9 елді мекенге газ құбырларын тартуға 5,6 млрд теңгеге жобалық құжаттары дайындалып, республикалық бюджетке ұсынылған.
Мақпал Рысбаева