«Алматыда 70 адам коронавирус жұқтырды» деген дәрігер ұсталды. Алматы облыстық полиция қызметкерлерінің мәліметі бойынша әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жалған ақпарат тарату фактісі анықталған.
Тексеру іс-шарасы жүргізіліп, бірнеше сағатта жеке басы нақыланыпты. 36 жастағы азамат Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасында дәрігер-гинеколог болып жұмыс істейді. Оның үстінен жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Дәрігер өзінің кінәсін мойындап, халықтан кешірім сұрады.
Меруерт Ахан