Аға буын ардагерлеріміздің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегі өскелең ұрпақтың мәңгі есінде. Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан баһадүр буынға лайықты сый-құрмет көрсету – қасиетті парызымыз. Ұлы Отан үшін от кешкен жауынгерлеріміздің жартысы жат жерде жан тапсырып, аман қалғандары қайтып оралды. Солардың бірі – Шымкент қаласының тұрғыны Ұлы Отан соғыс ардагері 1926 жылы 15 ақпанда туылған Кичатов Семен.

Бүгін Семен Дмитриевичтің дүние есігін ашқан күні. Осыған орай Шымкет қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев бастаған салаға жауаптылар ардагердің қара шаңырағына арнайы ат басын бұрып, туған күнімен құттықтап қайтты. Жылы лебізін білдіріп,
сый-сыяпат көрсетті. Батырдың басына – амандық, деніне – саулық, ұзақ ғұмыр тілеп, көңілін аулады.

Ел үшін етігімен су кешкен жауынгерлердің ерліктері ешқашан ұмытылмайды!Айта кетейік, қазіргі таңда, Шымкент қаласында 42 Ұлы Отан соғысының және 4237-і тыл ардагері тұрады.

Ұлы Жеңістің 75-жылдығын жоғары деңгейде атап өту үшін тиісті дайындықтар жүргізілуде.