Биыл Шымкентте Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы отан соғысы ардагерлеріне 300 мың теңге көлемінде бір реттік көмек төленеді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің есептік жиынында мәлім болды.

Онымен қоса, қарт жауынгерлердің Нұр-Сұлтан және Мәскеу қалаларында өтетін Ұлы жеңістің мерейтойына жолақысы өтеледі. Шаһар басшысының айтуына қарағанда мегаполисте Жеңіс тойы дүркіреп өткелі отыр. Қазір дайындық жұмыстары қыза түскен дейді қала әкімі.

Айта кетейік, қазіргі таңда, Шымкент қаласында 42 Ұлы Отан соғысының және 4237-і тыл ардагері тұрады.

Мақпал Рысбаева