ҚР ІІО медиа-орталығы

 

Сайрамда аудан халқының 38,1%-ы, яғни 81,8 мың адам экономикалық тұрғыдан белсендi саналады. Оның 77,6 мыңы жұмыспен қамтылған.

Жұмыссыздар саны 4166 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейi 5,1 % құрап отыр. Бұл туралы аудан әкімі Ұласбек Сәдібектің есептік жиынында айтылды.

Айтуынша, өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, екі қолға бір күрек іздеген азаматтарды жұмыспен қамту биылғы жылға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі. Жергілікті билік өкілдері ауданның еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейін 4,9% дейін төмендетуді көздеп отырмыз дейді.

Мақпал Рысбаева