Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңында табиғи монополия субъектілері шығындары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес әр жылы өсуімен бекітілген тарифтермен жұмыс жүргізуі қажет.

Бекітілген шекті деңгей бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан коммуналдық қызметтер тарифтері: Сумен жабдықтау қызметтері 20,7%-ға; сарқынды суларды бұру (канализация) қызметтері орташа есеппен 24,4%-ға және жылумен жабдықтау қызметтерінің 16,2%-ға өсуі жоспарланған.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, табиғи монополия субъектілері өздері тарапынан тұрғындар үшін тарифтерді төмендетуге және 2019 жылдың деңгейінде қалдыруға шешім қабылдады, яғни 2020 жылға сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру, жылумен жабдықтау қызметтерінің тұрғындар үшін тарифтері өзгеріссіз, 2019 жылдың деңгейінде қалдырылды.