Түркістан облысы полицейлері «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 8 миллион теңгеден астам айыппұл өндірді

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының аумағында 2020 жылдың 8-16 ақпан күндері аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл шара – құқықбұзушылардан салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды арттыруға бағытталған. Сондай-ақ арнайы мобильді топтар құрылып, 400-ге жуық полиция қызметкерлері мен басқа да мүдделі органдар жұмыс істеуде.

«Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде тәртіп бұзушыларға 13,5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде Түркістан облысының полицейлері бюджетке 8 миллион теңгеден астам айыппұлды өндірді. Полицейлер жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтар бойынша айыппұл төлеу қажеттігі туралы тікелей тапсырылған 458 нұсқамалар таратты.

Сонымен қатар, арнайы көлік тұрақтарға жол жүру ережелерін бұзғаны үшін 8 автокөлік қойылды.