Түлкібас АПБ-ге аудан тұрғыны есірткі заттарын өткізумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түлкібас АПБ-ның полиция қызметкерлері есірткі сатқан күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты. Ұсталған ер адамды тәртіп сақшылары полиция бөліміне жеткізді.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Ұсталған ер азаматтан айғақты зат ретінде жалпы салмағы 30 грамм марихуана салынған қағаз орама алынды. Осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарын сақтау және өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден, соның ішінде есірткі қолданудан бас тартуға шақырады.