«ESTATE Ломбард» -тың Шымкенттегі филиалының директоры ұсталды

146

«ESTATE Ломбард» -тың Шымкенттегі филиалының директоры ұсталды. Ал «Гарант 24» филиалының директоры іздеуде.

Аталған ұйымдарға алданып қалдық деп бірқатар азаматтар Шымкент қаласы Полиция департаментіне арызданған.

Шағымдар негізінде «Қаржы инвестициялық пирамиданы құру және басқару» бабы бойынша «ESTATE Ломбард» және «Гарант 24» қаржылық ұйымдарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Меруерт Ахан