ХҚКО

Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы әлеуметтік жәрдемақыларды, пәтер жеңілдіктерін және басқа қызметтерді алуға көмектесуге уәде беріп, азаматтардың ақшаларын тартып алған алаяқтар ісі туралы ақпарат таратты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласындағы филиалы бұл адамдардың халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметіне қатысы жоқтығын және мемлекеттік қызмет алуда ешқандай көмек көрсете алмайтындығын ресми түрде мәлімдейді.

Осыған ұқсас фактілер анықталған жағдайда, филиалдың ішкі қауіпсіздік қызметінің байланыс нөміріне +77013111881, +77015556891 және құқық қорғау органдарына хабарлауыңызды сұрайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласындағы филиалы