Шымкенттегі  Т. Айбергенов көшесіндегі көпқабатты үйде  өртенген электр торабы қалпына келтірілді.

Жөндеу жұмыстары тұрғындардың өз есебінен жргізілген. Бұл мақсатта әр пәтер иесі 25 мың теңгеден жинап, жаңадан электр сымдары мен есептегіш құрылғыларын сатып алған. Жұмысты атқарған мамандар оның сапасына кепілдік беріп отыр. Жиналған ортақ ақшаға үй кіреберісінің өрттен қарайған қабырғалары мен төбесі әрленеді.Қазір тұтас бір қапталдағы 20 пәтер иесі толық көлемде электр жарығы, интернетпен қамтылып, табиғи газды пайдаланып отыр. Еске салар болсақ, 11- ақпан күні үйдің тұтас бір қапталының элетр торабы өртеніп, тұрғындар электр жарығынсыз қалғанда төтенше жағдай жөніндегі қызмет жағдай реттелгенше табиғи газды қолданбай тұруды ескерткен еді.

Шынар Оразова