«Онлайн неке» байқауы басталды

224
«Онлайн неке»

2020 жыл. Ақпанның 3-жұлдызы. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Онлайн неке» атты байқауды бастады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқауға қатысу шарттары өте оңай. Ол үшін:
— Өздеріңіздің танысу хикаяларыңызды, некені тіркеуге онлайн-өтініш бергеніңіз және ХҚО-ға бармай-ақ мемлекеттік қызметті алғаныңыз жайлы толығырақ «Фейсбук» немесе «Истаграмм» желісіне арнайы пост жазып, әсерлеріңізбен бөліссеңіздер болғаны;
— ХҚО-ны (@gov4c.kz) сол жазбада белгілеп, байқаудың нәтижесі шыққанға дейін аккаунтты ашық қалдырыңыз.

Айта өтетін ақпарат, байқау 14-ақпанда қорытындылап, 3 жеңімпаз таңдалады. Басты жүлдегер ең көп лайк саны бойынша анықталады.

Ел аумағында цифрландыру жүйесін насихаттайтын жарыста көпшіліктің де пікірі  ерекше ескеріледі. Яғни, тағы екі жеңімпаз дауыс беру әдісімен таңдалмақ.

Ұйымдастырушылар, анығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басшлығының сөзіне сенсек, жеңімпаздарға үлестірілетін жүлделер әрі пайдалы, әрі жағымды болады.

Мөлдір Бекеева