Оңай жолмен олжаға кенелмек болған. Шымкентте былтырғы жылы 8 мыңнан астам контрафактілік өнім тәркіленген. Бұл туралы бүгін қалалық Әділет департаменті өкілдерінің былтырғы жылды қорытқан брифингінде айтылды.

Айналасы бір жыл ішінде құзырлылар контрафактілік өнімдерге қатысты 14 рет тексеруге шыққан. Оңай жолмен олжаған кенелуды көздегендер әйгілі «Маккофе», «Фэйри», «Бархатные ручки» сауда бегілерін пайдаланған.

Пысықайлар тіпті отандық құрылыс фирмасының атын жамылып қолдан цемент өнімдерін жасапты. Осылайша Әділет саласының өкілдері былтыр жалпы құны 1,5 млн. теңгеден астам жалған тауарларды тәркілеген.

«Бір жыл ішінде контрафактілік өнімдерге қатысты 11 әкімшілік айыппұл салынып, 9 іс сотқа жетті» дейді Әділет саласының өкілдері. Жауаптылар соңғы кездері «адвокатпын» деп алдап, азаматтық процессуалдық істерде араласатын алаяқтар көбейіп отырғанын жасырмайды.

Оңтайлы тұсты пайдаланып, оңай жолмен табыс табуды көздегендер аракідік Әділет департаменті өкілдеріне жүгінеді екен. Ісіне салғырт қарайтын нотариустардың жұмысы да қатаң қадағалауда дейді департамент өкілдері. Былтырғы жылы сапасыз қызметке жол берген 24 заңгердің ісі тәртіптік кеңесте қаралыпты. Осы уақыт аралығында 5 нотариус лицензиясынан айырылған.

Мақпал Рысбаева