Былтыр ауданда аз қамтамасыз етілген 12152 отбасына 5,4 млрд. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді. Бұл туралы аудан әкімі Ұласбек Сәдібектің есептік жиынында мәлім болды.

Мемлекет тарапынан қомақты қаржы алған отбасылар өз ісін ашып, жеке шаруашылығын дамытып, отбасының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік алды дейді аудан басшысы.

Билік өкілдері өз табысын жасырып, заңсыз көмек алу деректері де орын алғаныны да жасырмады. Аудан бойынша 100 отбасы алған қаржыларын қайтаруда.

Айтуларынша, осыған дейін 19 отбасы 4,2 млн. теңгені мемлкетке қайтарған болса, қазір жауаптылар мақсатсыз үлестірілген 25,0 млн. теңгені қазынаға қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.

Айта кетейік, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының белсенді шараларына былтыр ауданда 7 мыңнан аса адам тартылып, оның жартысынан астамы тұрақты және жаңа жұмыс орындарына орналастырылған. Оның ішінде 187-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар дейді жауаптылар.

Мақпал Рысбаева