Сапалы, бірақ арзан сервис…

94

Кәсіпкерлер мүмкіндікті пайдаланып нарықтағы бағаны шарықтатып жібермеуі керек. «Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы» аясында ұйымдастырылатын іс шараларды ұйымдастыруда бизнес өкілдері де жауапкершілікті сезінуі қажет.

Шаһардың туризмін дамыту үшін ұйымдастырылып отырған кешенді шаралар талқыланған жиында әкімдік өкілдері іскерлерді серіктес болуға шақырды.

Шенеуніктер жергілікті қонақүйлер мен қоғамдық тамақтану орындарында сервистік қызметті жақсарту қажет дейді. Өйткені, шараның салтанатты ашылуына шетелдерден 1,5 мыңнан аса мәртебелі қонақ келеді деп күтілуде. Олардың арасында ел президенттері мен мегаполис мэрлері бар дейді ұйымдастырушылар.

Наурыздың 20- на орайластырылып отырған бұл мерекені жоғары деңгейде өткізу үшін тәжирибелі шығармалышылық ұжымдар тартылып отыр екен.

Мақсұт Исақов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Бизнес өкілдері сервисті көтеруі керек. Қалаға қонақтар көптеп келеді. Қонақжайлығымызды көрсетуміз керек. Бұл түптеп келгенде біздің туриздмді көтеруге мүмкіндік береді…».

Мақпал Рысбаева