Шағалалы ауданда 50 млн. теңге игерілмей қалған

72

Шардара ауданында былтыр игерілмей қалған қаржы 50 млн. теңгені құраған. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Жолдыбайдың есептік жиынында айтылды.

Аудан басшысының айтуынша, бұл қаржы негізінен ТҮКШ саласына тиесілі екен. Қайрат Жолдыбайұлы қаражаттардың салада ұйымдастырылған мемлекеттік сатып алулардан үнемделгеніне сендірді.

Айта кетейік, 2019 жылы жергілікті бюджетке жоспарланған 3 150,4 млн. теңгеннің орнына 3 199, 7 млн. теңге түскен. Есепті мерзімде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 18556,5 млн. теңгені құрады.

Мақпал Рысбаева