Шорт-тректен Шымкент қоржынына алтын медаль түсті

256

Шорт тректен Шымкентте Қазақстан чемпионаты басталды. Жастар арасындағы жарысқа қатысушылар еліміздің 8 аймағынан келген. Барлығы 11 команда Шымкентте 3 күн бойы бақ сынайды.

Әзірге қала қоржынында екі медаль бар. Оның біреуі алтын болса, екіншісі қола жүлде. Айта кетейік, топ жарған мұзда сырғанау шеберлері Ұлттық құрама сапына енеді. Солардың бірі шымкенттік – Айбек Темірхан. 15 жастағы жеткіншек өткен жылы да 500 метр қашықтықта қарсылас шақ келтірмеген еді.


Айбек Темірхан, шорт-тректен Қазақстан чемпионы, ҚРСШ: «Мен өзім көптеген жылдар бойы дайындалдым. Алтын медаль алу менің басты мақсатым болды. Мен осы мақсатыма еңбектің арқасында жеттім. Әрине, қарсыластарым әлсіз болған жоқ. Бәрі мықты болды. Бірақ, мен жанкүйерлерімді жерге қаратпау үшін бар күшімді салып, алтын медаль жеңіп алдым».

Назерке Үкібасова