Шымкентте МӘМС терминалдары орнатылды

118

 

Шымкент қаласының тұрғындары бұдан былай арнайы орындарға бармай-ақ медициналық ұйымдар базасында төлем жасай алады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төлемдер қабылдау үшін 38 терминал орнатылған.

Бұл туралы өңірлік штабтың отырысында мәлім болды. Жергілікті емдеу мекемелерін аралап шыққан штаб өкілдері жаңа жүйенің орындалу жайын талқылады.

Қаладағы 600 мыңға жуық тұрғынның ем-дом шаралараның шығыны мемлекеттің есебінен жүргізіледі екен. Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 100-ден аса медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетеді. Оның 70- і жекеменшік, қалғаны мемлекеттік ұйымдар дейді салаға жауаптылар.

Барлық медициналық мекемелерде тіркеу бөлімі мен сақтандыру бойынша анықтама бұрышы жұмыс істейді. Айта кетейік, штаб мүшелері екі күн ішінде шаһардағы бірнеше медициналық ұйымдарды аралып шықты. Жұмыс тобы денсаулық сақтау мекемелеріндегі анықтамалық қызмет пен тіркеу, қабылдау бөлімдерін көріп, техникалық дайындықтарды пысықтады.

Мақпал Рысбаева