Қала әкімінің есептік жиынына келген тұрғындар ауызсу мәселелесін көтерді. Кей шалғай елдімекен тұрғындары әлі де тіршілік нәрін құдықтан ажыратып отырғанын жеткізген тұрғындар билік өкілдерінен қаладағы коммуналдық түйіткілдердің тездетіп шешуін талап етті.

Қалада инфрақұрылымның өзекті мәселе екенін жасырмаған қала басшысы мұның себебіне тоқталды. Айуынша, мегаполисте халық саны жедел өсіп жатыр. Жаңадан 41 елді мекен қалаға қосылған. Салдарынан магистралды жүйелердің қуаты жетіспейді.

Шаһар басшысы алдағы 3 жылда осы мәселені толық шешуге басымдық береміз деп отыр. Қала әкімі 140 мың халқы бар тасымал арқылы су ішіп отырған 8 және жартылай сумен қамтылған 5 елді мекеннің мәселесі шешілетініне сендірді. Айтуынша ауыз су бойынша қаладағы 81 елді мекеннің 63-і толық қамтылған, 10-ы жартылай, 8 елді мекені тасып ішеді. Қамтылуы 94,7%. Халықты ауыз сумен қамту үшін өткен 3 жылда 31 мыңнан астам тұрғыны бар 9 елді мекенге ауыз су құбыры тартылған.

Қазіргі таңда қаланың солтүстік бөлігіндегі жаңа шағынаудандарды дамытуға ауыз судың қуаты жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін 3 магистралды құбыр салу қажет екен.

«Биылғы жылы қалалық бюджеттен 8 елді мекенді сумен қамтитын 2 магистралды су құбырының құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар, шалғайдағы 5 елді мекенді сумен қамтитын магистралды су құбырының құрылысы жүргізілуде. Алдағы 3 жыл ішінде жартылай қамтылған 10 елді мекен және қалаға жетіспейтін магистралды су құбырларын тартуды жоспарлап отырмыз»,-деді М.Әйтенов.

Мақпал Рысбаева