Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандарға 10 млн. теңге беріледі

72

Ең жоғары сыйақы мөлшері 10 млн 600 мың теңгені құрайтын болады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді.

«Үкімет Президенттің тапсырмасын іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалар үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі туралы қаулыны бекітті. Енді Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы қатарындағы көптеген елдердегі секілді сараланған сыйақы болады», — деді А. Шпекбаев 2019 жылдың қорытындысына арналған агенттіктің алқа мәжілісінде.

Бұдан былай сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам соттың айыптау үкімінен кейін пара сомасының 10 пайызын алады.

Меруерт Ахан