Түркістан облысы мен Өзбекстан арасында сауда-саттық қатынастары қанат жайды

165

 

Өзбекстан Республикасының Ургенч қаласында Үкімет басшыларының қатысуымен «Агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы аймақтық бизнестің ынтымақтастығы» тақырыбында Өзбекстан мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығының 2-ші форумы өтіп жатыр.

Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда қатынастарын одан әрі дамыту мақсатында жалпы сомасы 50 млн. АҚШ долларын құрайтын 3 экспорттық келісімшартқа қол қойылды.

Жақын күндері әкімдіктің қолдауымен Түркістан облысынан Өзбекстан Республикасына трансформатор жабдықтарын, күркетауық еті мен тоңдырылған сиыр етін жеткізу басталады.

Форум аясында екі елдің жетекші кәсіпорындарының көрмесі өтіп жатыр. Онда Түркістан облысының кәсіпкерлері форум қатысушыларын өз өнімдерімен жан-жақты таныстыруда. Туристік компаниялар өз кезегінде туристік жарнамалық материалдарын қойып, оңтүстік өңірінің туристік әлеуетін насихаттауға мүмкіндік алды. Бұл шара көрші елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайтып, өзара тиімді ынтымақтастық қарқынын арттыра түсуге ықпал етері сөзсіз.