Түркістан облысында 3 күннің ішінде 15 дана қару тәркіледі. Оның ішінде, 10 дана аңшы қаруы, 1 дана шолақ мылтық, 2 травматикалық және 1 дана газды тапанша мен 1дана пневматикалық мылтық алынды.
«Қару» жедел профилактикалық іс-шарасының аясында, бұдан бөлек 4 бірлік заңсыз қаруды тұрғындар өз еріктерімен полицейлерге тапсырған. Онда еш жерде тіркелмеген кәнігі аңшы қаруы және 16 калибрлі аңшы мылтығы да бар.
Мөлдір Бекеева