Түркістан облысында судья парамен ұсталды

391
судья парамен ұсталды

Түркістан облысында тағы бір судья пара алу кезінде ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті.

Ол сотталушының жазасын жеңілдетуде заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған. Оқиға Түркістан қаласында, 2020 жылдың 31-ші қаңтарында орын алған.Қазіргі уақытта Рахымбаев пара алған қылмысын толықтай мойындап отыр.

https://www.youtube.com/watch?v=jL0cyMnYsRk&feature=emb_logo

Аркен Абдуғали, ҚР ҰҚК ресми өкілі: «Пара алу фактісі сондай-ақ жасырын тергеу іс-қимыл материалдарымен дәлелденеді (аудио, бейнетіркеу). ҰҚК органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлімі («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда».

Мөлдір Бекеева